– Біз Қазақстанмен қалыптасқан достық қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделіміз. Сонымен қатар ғылым, білім беру, мәдениет және логистика бағыттарындағы өзара ықпалдастықты кеңейтуге дайынбыз. Түркістан өңірі Қытай мен Еуропаны байланыстыратын маңызды логистикалық көпір бола алады, – деді Ли Дяньсюнь.
– Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік мемлекет басшыларының тұрақты әрі сенімді диалогының арқасында жаңа деңгейге көтерілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин өткізген нәтижелі кездесулер екіжақты ынтымақтастықтың берік негізін қалыптастырды. Бұл ретте, Президентіміз мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастың достық пен стратегиялық серіктестіктің екінші «Алтын отыз жылдығына» қадам басқанын айрықша атап өтті. Осы орайда, екі мемлекет басшылары айқындаған басым бағыттарды Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы өңіраралық деңгейде тиімді жүзеге асыруда, – деді облыс әкімі.