«Қазақ халқы ежелден «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген. Бүгінгі жасап отырған игі істеріңіз — бір әулетке ғана емес, тұтас қоғамға үлгі. Жомарттық — байлықпен емес, жүрекпен өлшенеді. Осындай ауызбіршілігі мықты, кең пейілді азаматтар барда елдің бірлігі де, берекесі де арта береді», деді ол.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары жомарт жандарды аудан әкімі Арман Қарсыбаевтің атынан Алғыс хатпен марапаттап, арнайы сый-сияпат табыстады.
Көпшіліктің алғысына бөленген бұл қамқорлық шарасында іс-шара қонақтары Шардара жалпы орта мектебінің түлектеріне ризашылықтарын білдіріп, олардың бірлігі мен азаматтық ұстанымына жоғары баға берді.