2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді

2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді
▪️2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
▪️9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
▪️11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.
▪️Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17–18 маусым аралығында өтеді.
▪️Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.