
Қазақстанда шегіртке тектес зиянкестердің 270-тен аса түрі мекен етеді. Оның ішіндегі ең қауіптісі – Марокко шегірткесі (Dociostaurus maroccanus). Ол ауыл шаруашылығына ең көп зиян келтіретін, аса қауіпті үйірлі шегіртке түрлерінің бірі. Бұл жәндіктер 1 шаршы метрге 200-300-ге дейін бірігіп әрекет етеді. Мерзімінде анықтап тиісті шараларды атқармаған жағдайда өсіп тұрған дәнді дақылдарды, жайылымдарды, жоңышқаны және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын талғамай жеп, шаруаларды шығынға батырады.