🔔Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары және қонақтары!

🔔Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары және қонақтары!
Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне дайындық және оны өткізу аясында 13-15 мамыр аралығында Түркістан қаласында автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, кейбір бағыттар бойынша қозғалыс сызбасы өзгереді. Бұл – қалаға кіру толық шектеледі дегенді білдірмейді.
Саммит өтетін 15 мамырда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңы, Жаңа қала аумағы, 9-шы көше, Саттарханов даңғылы, сондай-ақ қажеттілікке байланысты жекелеген көшелер автокөліктер үшін уақытша жабылады. Қала аумағындағы бірқатар көшелерде қауіпсіздік шараларына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі. Сонымен қатар Шымкент – Қызылорда бағыты бойынша өтетін транзиттік көліктер үшін уақытша жаңа қозғалыс бағыты белгіленді.
Жаңа қозғалыс сызбасына сәйкес көлік құралдары Ш.Қалдаяқов көшесі, 40-көше, 9-көше, 36-көше, Әуежай тас жолы, С.Қожанов көшесі және Б.Шыныбеков көшесі арқылы бағытталады.
Осыған байланысты жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол бойында орнатылған уақытша жол белгілеріне, бағыттаушы көрсеткіштерге және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарына бағынуды сұраймыз.
Түркі әлемі үшін аса маңызды саммитті жоғары деңгейде әрі жауапкершілікпен өткізу – баршаға ортақ абыройлы міндет!