НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «MAGISTER ART» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ РЕНАТО САПОРИТОМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «MAGISTER ART» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ РЕНАТО САПОРИТОМЕН КЕЗДЕСТІ
🔰Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров италиялық «Magister Art» компаниясының президенті Ренато Сапоритомен кездесті. Кездесу барысында құрылыс, мәдениет, креативті индустрия және халықаралық ынтымақтастық бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
🔰Облыс әкімі Түркістан өңірінің тарихи-мәдени мұрасын таныту, туризм әлеуетін арттыру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ өңірде туризмді дамыту және инвестиция тартуға ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.
📌– Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Өңірімізде инвестиция тарту, өндірісті дамытуға басымдық берілген. Оған қоса туризм мен мәдениет, руханият салалары да назарда тұр. Жаңа сәулеттік жобалар, жаңа бағыттар бойынша ұсыныстарды талқылауға дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.
🔰Ренато Сапорито: «Уақыт бөліп, арнайы қарсы алғандарыңызға рахмет. Қазақстанға келген сайын өзімді бақытты сезінемін. Қарқынды дамып келе жатқан ел. Ұсыныстарды қарастырып, көмегімді көрсетуге, әріптестік орнатуға ниеттімін», деді.
🔰Кездесу барысында Түркістан облысында мәдени-туристік жобаларды жүзеге асыру, тарихи нысандарды цифрлық форматта таныту, халықаралық көрмелер ұйымдастыру және шығармашылық индустрияны дамыту мәселелері айтылды.
🔰Қос тарап алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты.
🔰Айта кетейік, «Magister Art» – цифрлық технологияларға басымдық беретін, мәдени және креативті индустрия саласында жұмыс істейтін инновациялық компания. Компанияның негізгі миссиясы – ұлттық мәдени мұраны насихаттау және кеңінен таныту. «Magister Art» компаниясының бас кеңселері Милан мен Рим қалаларында орналасқан және халықаралық операциялық бөлімшелері бар. Компания «Дизайн және архитектура», «Медиа», «Бренд дизайны және коммуникациялар», «Операциялық қызмет», «IT» және «Редакциялық әрі бизнес-стратегиялар» секілді негізгі департаменттері арқылы кең ауқымды кешенді шешімдер мен «дайын жоба» форматындағы жобаларды әзірлеп, жүзеге асырады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі