
Жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын еліміздегі тұңғыш зауыт Түркістан облысында іске қосылған болатын. Бүгінде өңірде жаңа технологияларды жасап ышғаратын 4 зауыт іске қосылған. Облыста су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 114 мың гектарға жетіп, жалпы суармалы жерлердің 20 пайызын қамтып отыр. Бұл бағытта өндірістік инфрақұрылымды дамыту да қатар қолға алынған. Өңірде «BNK GROUP LTD» ЖШС, «KAZ KIOTI» ЖШС, «ХИНЖИН Ирригейшн» ЖШС және «TURAN SU» МКК секілді 4 кәсіпорын іске қосылды. Жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын бұл жобалардың жылдық өндірістік қуаттылығы 163 мың гектар алқапты қамтуға мүмкіндік береді. Оның ішінде 73 мың гектарға тамшылатып суару, 90 мың гектарға жаңбырлатып суару технологияларын енгізуге жағдай жасалған.