
Әскери бөлімнің қызметкерлері жас қонақтарға әскери өмірдің қыр сырын таныстырып, қару-жарақтар мен техникалардың мүмкіндіктері туралы мәлімет берді. Экскурсия барысында жастар сарбаздардың тыныс-тіршілігімен жақыннан танысып, әскерилердің күнделікті қызметі, тәртібі және дайындық үдерістері туралы толық ақпарат алды. Өскелең ұрпаққа әскери техникалар көрсетіліп, олардың қолданылу ерекшеліктері түсіндірілді. Бұл жастардың әскери салаға деген қызығушылығын арттырумен қатар, ел қорғау ісінің қаншалықты жауапты екенін терең сезінуге мүмкіндік берді.
«- Отан қорғаушылар күні бұл тек әскери қызметшілердің мерекесі ғана емес, ел тыныштығын, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген барлық азаматтарға көрсетілетін құрмет. Бүгінгі жастар ертең ел қорғайтын азаматтарға айналады. Сондықтан олардың бойында жауапкершілік, тәртіп, адалдық және отансүйгіштік қасиеттер қалыптасуы аса маңызды. Осындай танымдық іс шаралар арқылы біз жастарға әскери қызметтің мәнін түсіндіріп қана қоймай, олардың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттыруға үлес қосамыз. Мемлекетіміздің болашағы білімді, саналы, патриот жастардың қолында. Сондықтан әрбір жас өз елінің дамуына үлес қосуға дайын болуы керек», - деді Қалыйма Жантөреқызы.