
– Түркістан – киелі орындар мен тарихи ескерткіштерге бай өлке. Осы мұраны ұтымды пайдалану, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау және туризм саласын дамыту – бізге жүктелген маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу үшін Түркістан облысынан бірқатар көне қалашықтар ұсынылды. Атап айтқанда, Күлтөбе, Отырар және Сауран қалашықтары халықаралық деңгейде танылып отыр. Бұл бастама өңірдің тарихи маңызын арттырып қана қоймай, туристік әлеуетін де жаңа деңгейге көтереді, – деді Нұралхан Көшеров.