ТҮРКІСТАНДА ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ МЕН ҚОРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАНДА ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ МЕН ҚОРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
📍Түркістан облысы аумағындағы жанармай құю бекеттеріне арнайы мониторинг жүргізілілуде.
🔰Жалпы, Түркістан қаласы бойынша 24 жанар-жағармай бекеті жұмыс істейді. Баға тұрақтылығын сақтау және негізсіз өсімге жол бермеу мақсатында барлық жанармай құю станцияларында тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
🔰Бұл жұмыстар тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді жанармаймен қамтамасыз ету, сондай-ақ нарықтағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
🔰Мониторинг барысында жанар-жағармай бағалары, қор көлемі және қызмет көрсету сапасы назарға алынды. Қазіргі таңда қала бойынша баға тұрақтылығы сақталуда. Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі