
– Әрбір өзекті мәселенің артында халық, жергілікті кәсіпкер, облыс экономикасы тұр. Сондықтан бюрократиядан бас тартып, мәселені шешу керек. Заң аясында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіңіздер. Заңсыз қазылған «қызыл нүктелерге» тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, тиісті шаралар қабылдаңыздар. Апта сайын рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартыңыздар, – деген Қанат Қайыпбек хаттамалық тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын айтты.