ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
🔰Түркістан облысында зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр.
🔰2023-2025 жылдар аралығында жобаға жолданған азаматтардың ішінен 4688 адам 2026 жылы да қызметін жалғастыруда. Бұл көрсеткіш аталған бағдарламаның тиімділігін айқын көрсетеді.
🔰Ал 2026 жылға белгіленген жоспар бойынша 1100 азаматты жұмыспен қамту көзделген болатын. Бүгінгі таңда бұл жоспар толықтай орындалып отыр.
🔰Аталған жоба еңбек нарығында тәжірибесі мол азаматтарды қолдауға, олардың тұрақты табыс табуына және әлеуметтік белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі