
– Қазақ күресі – ата-бабадан аманат болып жеткен асыл мұра. Ол тек күш пен ептіліктің ғана емес, қайсарлық пен намыстың, төзім мен тәртіптің мектебі. Сондықтан мұндай турнирлердің маңызы зор. Атап айтқанда, жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеп, салауатты өмір салтын насихаттайды. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтады. Ұлттық спортымыздың мерейін асырып, осындай игі шаралардың тұрақты өтуіне үлес қосып жүрген «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұжымына, барша ұйымдастырушыларға, демеушілерге және жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз, – деді ол.