ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ШАРУАЛАР ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ШАРУАЛАР  ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР
📍Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылында ерте пісетін қырыққабаттың алғашқы өнімі жинала бастады. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне арнайы барып, ашық егіс алқабындағы жиын-терім жұмыстарымен танысты. Шаруалардың еңбегіне табыс тілеп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң бағасын берді.
🔰Қазіргі таңда Жартытөбе ауылдық округінің диқандары әлеуметтік маңызы жоғары дақыл – қырыққабатты жинап, өнімді еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтуде. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты ерте көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
🔰Құрама елді мекенінің тұрғыны Срайыл Бадалов – «Мухаммеджан» шаруа қожалығының иесі. Ол 0,25 гектар жерге қырыққабат егіп, жыл сайын шамамен 15 тонна өнім алуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі