
Қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылған. Қазір өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізілуде. Зауытта крахмал, сірне, тағамдық глюкоза, мальтоза сиропы, жүгері майы, глютен, кебек және түйіршіктелген құрамажемді қоса алғанда 20-дан астам өнім түрін шығару жоспарланған. Өндірісте тек генетикалық түрлендірілмеген жүгері пайдаланылатын болады.