
Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешенін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды халықаралық жоба – «Ecoculture-Eurasia» іске асырылуда. Келес ауданы аумағында салынып жатқан заманауи жылыжай кешені Қазақстандағы ғана емес, Еуропадағы ең ірі жабық агроөндірістік нысандардың біріне айналмақ. Ауқымды мега-жоба өңірдің ғана емес, тұтас елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, ауыл шаруашылығын индустрияландыруға және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама саналады.