
– Бұл форумды Түркістанда өткізу ерекше маңызға ие. Біздің өңір бүгінде іскерлік, туристік және инвестициялық орталық ретінде белсенді дамып келеді. Біз халықаралық әріптестер және қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайту үшін барлық жағдай жасауға күш-жігерімізді саламыз. Әрине, форум Орталық Азияның қаржы секторын дамыту үшін маңызды. Ол тәжірибе алмасу үшін жетекші сарапшыларды, банктерді және финтех компанияларын біріктіреді. Форум инвестициялар мен серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайтады. Түркістан – инвестициялық, аграрлық, өнеркәсіптік және туристік әлеуеті арқылы қарқынды дамып келе жатқан өңір. Аймақ табиғи ресурстар мен пайдалы қазбаларға бай. Қазақстанның негізгі уран өндіруші өңірлерінің бірі. Облыс – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде көшбасшы. Өңірде азық-түлік, тоқыма, құрылыс және тау-кен салалары белсенді дамып келеді. Өнеркәсіп секторында бүгінгі күні 6 млрд АҚШ долларын құрайтын 122 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Облыста 1960 гектарды құрайтын 21 индустриялық аймақ және ауданы 1400 гектардан тұратын экономикалық аймақтар қызмет етеді. Бұл аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Уақыт пен қаражатты үнемдеу мақсатында инвесторларға дайын өндірістік ғимараттар да ұсынылады. Бүгінгі күнге, өңірдің 25 өнеркәсіптік паркінде 258 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары қолға алынып, қазіргі уақытта 128 ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталды. Өңір өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық, сондай-ақ инвесторларға және қаржы институттарына ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер ұсынуға дайын. Форум аясында жаңа іскерлік байланыстар орнатылып, маңызды уағдаластықтарға қол жеткізіліп, одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары айқындалатынына сенімдімін, – деді облыс әкімінің орынбасары.