
Түркістан облысы әкімдігінің жанынан құрылған Азаматтарды қабылдау орталығында облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Әділ Бектұрғановтың облыс тұрғындарын жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан Түркістан қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты бірқатар мәселелер, сондай-ақ бейнебақылау жүйесінің жұмысына байланысты түйткілдер көтерілді. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, айтылған мәселелерді жедел шешу мақсатында тиісті салалық мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.