
Жалпы, Түркістан облысындағы барлық аудан және қалаларда 25 шағын өндірістік алаңдар құрылып, 258 өндірістік ғимарат салынып жатыр. Қазіргі таңда 120 ғимараттың құрылысы аяқталды. Аталған аумақтарда жобаларды іске асыру есебінен өткен жылы 27 млрд теңгеге импортты алмастыру тауарлары шығарылды. Іске қосылған жобалардың қатарында тоңазытқыш өндіретін «UBC Group», жиһаз өндіретін «Aqniet Holding», жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» компаниялары бар.