
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке еріктілер ісін дамытуға арналған, 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа мазмұнды стратегиялық құжат әзірлеуді тапсырды. Бұл құжат волонтерлік қозғалысты жүйелі түрде қолдап, халықаралық міндеттемелерге сай дамытуға бағытталмақ. Өңірлерді аралаудағы басты мақсатымыз – осы тұжырымдаманың негізгі жобасын жергілікті деңгейде қалыптастыру. Жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша талдау жасалып, нақты ұсыныстар әзірленеді. Қазіргі таңда жалпы саны 12 әдістемелік нұсқаулық әзірленіп, бекітілді. Бұл жұмыстар тек қоғамдық бағытпен шектелмей, әр салаларда волонтерлікті дамытуға бағытталған. Мәселен, экологиялық бағытта волонтер болуға ниетті азаматтар іріктеліп, арнайы оқытудан өткізіліп, кейін тұрақты түрде волонтерлік жұмыстарға тартылатын болады, – деді ол.