НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
🔰Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.
🔰Атап айтқанда, облысты дәрі-дәрмекпен тұрақты қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарға қажетті препараттарды уақтылы жеткізу, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар сөз болды. Сонымен қатар қойма логистикасын жетілдіру, дәрі-дәрмектерді сақтау және тарату жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
🔰Өңір басшысы денсаулық сақтау мәселесі басты назарда тұрғанына тоқталды. Осы саланы дамыту бағытындағы ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге дәрі-дәрмекті бөлуде әділдікті сақтау, шын мұқтаж науқастарды қамту, осы саладағы кейбір заңсыздықтар мен олқылықтарды жою мәселесі де көтерілді.
🔰Кездесу соңында қос тарап денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін білдіріп, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі