
Кәсіпорын аз уақыт ішінде қарқынды дамып, интенсивті алма бақтарын қалыптастырды. Қазіргі таңда 800 гектардан астам аумақта жоғары өнімді бақтар өсіріліп, жыл сайын 8-10 мың тоннаға дейін сапалы алма жиналады. Өндірісте Италия, Германия, Австрия және Түркия сияқты елдердің озық тәжірибелері енгізілген. Тамшылатып суару жүйесі, сапалы көшеттер және нақты агротехникалық талаптарды сақтау – жоғары өнімнің басты кепілі.