ҚР Көлік министрлігі автомобиль көлігімен қауіпті, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды реттеуге бағытталған бұйрық қабылдады. Қабылданған өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, автомобиль жолдарын сақтауға және тасымалдау қызметін реттеуді жетілдіруге бағытталған. Бұйрық 2026 жылғы 25 сәуірден бастап күшіне енеді.