
Түркістан облысы әкімдігі және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақтылы әрі толық көлемде орындады. Кәсіпорын нысандарының жылыту маусымына дайындығы аясында регламенттік жұмыстар, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, 461 газ реттеу пунктіне (БГРП, ГРП), 97 125 шкафтық газ реттеу пунктіне (ШРП, ШГРП), сондай-ақ 56 электрхимиялық қорғау құралдарына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, барлық көрсеткіштер 100% орындалды. Сонымен қатар ажыратқыш құрылғыларға қызмет көрсету және газ тарату желілеріне диагностикалық жұмыстар жүргізілді.