
Осы орайда Бәйдібек ауданында табиғатты қорғауға бағытталған «Бұлақ көрсең, көзін аш» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараға «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен Боралдай филиалының өкілдері қатысып, «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына белсенді атсалысты. Жалпы шараға 50-ге жуық қызметкер қатысты.