
Теннисшінің әкесі әрі көмекші-менеджері Нұрлан Момбеков: «Заңғарды жан-жақты дамытып, шеберлігін шыңдау үшін 6 жылдан бері Еуропада тұрып жатырмыз. Баламыз «Түркістан теннис клубы» мемлекеттік мекемесіне тіркелген. Бүгінде әлемдік деңгейдегі сайыстарға қатысып, ел намысын абыроймен қорғап келеді. Рыбакинамен дос, кеңестерін тыңдап, бір-бірін қолдап жүреді. Сыртта жүрсек те, туған өлкеміздің, Түркістан өңірінің жаңалықтарын бақылап, тілектес болып отырамыз. Жақсы жұмыстар жүріп, үлкен өзгерістер болып жатыр. Қасиетті қалаға тағы да бір келіп, рухани серпілуді жөн көрдік. Қолдауларыңызға рахмет. Біздің алдымызда үлкен мақсаттар мен атқарылатын жұмыстар көп. Ересектер додасына өту, Олимпиада ойындары және өзге де додаларда еліміздің намысын қорғауға күш саламыз» дей келе, қазақ спорты дами беретініне сенім білдірді.