«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАҢА МУРАЛ САЛЫНДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЖАҢА МУРАЛ САЛЫНДЫ
📍Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаңа мурал салынды.
🔰Жоба қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
🔰Қала келбетін көркейту мақсатында жүзеге асқан арт туынды «Керуен сарай» тұрғын үй кешенінің қабырғасына орналастырылды.
🔰Мурал мазмұнында табиғатты аялау, тазалықты сақтау және экологиялық сананы нығайту идеялары көркем түрде бейнеленген.