ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 223 ЖАҢА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫ САТЫП АЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 223 ЖАҢА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫ САТЫП АЛЫНДЫ
🔰Түркістан облысында көктемгі егіс науқаны облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Биыл өңірде жалпы 536 мың гектарға жаздық дақылдар егу жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін оның 165 мың гектары игерілді. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 55 мың гектарға, майлы дақылдар 29 мың гектарға, жоңышқа 40 мың гектарға, көкөніс 15 мың гектарға, картоп 6 мың гектарға, ал бақша дақылдары 19 мың гектарға егілген.
🔰Өңірдегі аграрлық жұмыс қарқыны тұрақты сақталуда. Мақтаарал ауданы мен Жетісай ауданы ерте пісетін өнімдерді нарыққа шығарып, 300 тонна қырыққабат жинады. Қазіргі таңда өнімнің бір келісі 100–130 теңге аралығында саудалануда.
🔰Дала жұмыстарына 37,4 мың техника толық жұмылдырылған. Техниканы жаңарту бағытында ҚазАгроҚаржы бағдарламалары тиімді жүзеге асуда. Биыл 223 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған.
🔰Сонымен қатар 25 мың тонна тыңайтқыш енгізіліп, отандық өндірушілермен тұрақты жеткізу келісілген. Жеңілдетілген жанар-жағармай бойынша бөлінген 15 мың тоннаның 6 мың тоннасы шаруаларға жеткізілді (бағасы 280–281 теңге/литр). Мемлекеттік қолдау шаралары да жалғасуда. Кең Дала аясында 1 196 жоба қаржыландырылып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне нақты қолдау көрсетілуде.
🔰Жалпы, Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары жоспарға сай қарқынды жүріп, аграрлық сектордың даму көрсеткіші тұрақты өсіп келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі