
2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыс бюджетіне түсімдер жоспары 118%-ға орындалып, 58,3 млрд теңгеге артығымен қамтамасыз етілді. Жоспардың асыра орындалуы негізінен өзіндік кірістер есебінен қалыптасты. Өзіндік кірістердің нақты түсімі 70,8 млрд теңгені құрап, жоспар 10,6 млрд теңгеге артық орындалды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 млрд теңгеге немесе 8%-ға өсіп отыр. Сонымен қатар субвенциялар, бюджеттік кредиттерді өтеу және республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер жоспары толықтай 100% орындалды.