
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада Түркістан қаласында және барлық аудан, қалаларда құрылған жұмысшы топтар базар және сауда орталықтары аумақтарында тазалық жұмыстарына мониторинг жүргізді. Сонымен қатар «Таза қала», «Таза ауыл» іс-шаралары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға 41 мыңнан аса адам қатысып, 272 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 31 мың ағаш отырғызылып, 69 мың ағаш әктеліп, 2 мың тонна қоқыс шығарылды. Ал осы апта «Таза аула» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде айтылды.