🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан президенттері MERGANTEKS кәсіпорнына барды

🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан президенттері MERGANTEKS кәсіпорнына барды
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев MERGANTEKS мақта-мата кластерінің қызметімен танысты. Мұнда шикізатты өңдеуден бастап, одан дайын текстиль өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндіріс циклі жолға қойылған.
✔️Президенттерге кәсіпорын өндіріс тиімділігі мен халықаралық сапа стандартын қамтамасыз ететін заманауи жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталғаны жөнінде баяндалды.
✔️Кластердің өндірістік құрылымына мақта зауыты, екі жіп иіру фабрикасы, тоқыма және бояу цехтары, тігін фабрикасы кіреді.
✔️Өнім Польша, Түркия, Израиль, Босния және Герцеговина, Иран, сондай-ақ басқа да мемлекеттерге жеткізіледі.