
Аталған акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру. Қатысушылар халқымыздың «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын негізге алып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Осылайша жасыл бастама жалғасын тауып, ұйымдастырушылар экологиялық эстафетаны Өнер, медиа және дизайн факультетіне жолдады.