
Жиында облыс намысын қорғайтын бірқатар жетекші спортшыларға ерекше сенім артылып отырғаны атап өтілді. Олардың қатарында жеңіл атлетикадан Антон Боднар, бокстан Сағындық Тоғамбай мен Сәкен Бибосынов, дзюдодан Айдар Арапов, садақ атудан Виктория Лян, Бунед Мирзаметов, Розмат Мирсултанов бар. Сондай-ақ таеквондодан Асқар Өтеген, Мақсат Орынбасар, Назым Махмудова, пенчак силаттан Диас Рустем, каратэден Әсел Қанай мен Гүлмира Үсенова, ушу-саньдадан Айбек Эрметов пен Досқали Аширов секілді спортшыларға үміт зор. Бұдан бөлек, ауыр атлетикадан Алишер Тұрғанбай, бадминтоннан Дмитрий Панарин, әйелдер күресінен Шұғыла Өмірбек, Аяжан Марқашева, Нилюфар Раимова, еркін күрестен Асылжан Есенкелді, Иманғали Қалдарбек, Қуандық Шалдар, Ади Серікұлы да негізгі құрамда қарастырылып отыр. Су спорттары бойынша триатлоншы Егор Крупяков, каноэде есуден Полат Туребеков, Ульяна Киселева, Дилфузахон Эргашханова, байдаркада есуден Альбина Халикова мен Татьяна Гладкова, академиялық есуден Иван Чернухин, Роза Кеңес, Владислав Яковлев, жүзуден Софья Сподаренко, Балабек Ғалымжан, Аделаида Пчелинцева және Анастасия Ермакова да маңызды үміткерлер қатарында.
Пара спорт бағытында да дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Атап айтқанда, пара пауэрлифтингтен Зарина Әшір, пара таеквондодан Елдос Жәнібек, пара дзюдодан Бексұлтан Қалмұрза мен Бағлан Оңалбекке жоғары сенім артылып отыр.