
Қабылдауға азаматтар Түркістан, Кентау қалалары мен Жетісай, Ордабасы, Мақтаарал аудандарынан келіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Тұрғындардың бірі жекеменшік мектептерге қаржылай қолдау көрсетуді сұраса, балабақша тәрбиешілері еңбекақы мәселесін көтерді. Сонымен қатар түркістандық тұрғын қоғамдық көлікте тегін жүруге өтініш беруде туындаған мәселелерін жеткізді. Одан бөлек, білім саласындағы заңсыздықтар, жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан босату сияқты шағымдар айтылды.