
Рейд қорытындысы бойынша бірқатар нысандарда сыртқы жарнама элементтерін орналастыруда белгіленген нормалардың сақталмағаны анықталып, кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, рұқсатсыз орнатылған маңдайшалар мен баннерлер бойынша ескерту беріліп, оларды заңнамаға сәйкестендіру қажеттігі айтылды.