БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОДӘЛІЗІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОДӘЛІЗІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
📍Түркістан қаласы аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3,0 шақырым учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
🔰Жоба аясында ескі асфальт жабындысы толықтай алынып, оның орнына заманауи талаптарға сәйкес қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабыны төселуде. Бұл жұмыстар жолдың сапасын арттырып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
🔰Қазіргі таңда нысанның 1 шақырым бөлігінде жолдың бір жақтама жүріс жолағында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қалған учаскелерде жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда.
🔰Жобаны толық 22 сәуірге дейін аяқталады деп жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының орындалу барысы тапсырыс беруші және техникалық қадағалаушы ұйымдар тарапынан күнделікті бақылауға алынған.