«2026 жылдың І тоқсанында 2 млрд теңгеден астам қосымша кіріс көздері анықталып, өндірілді. Атап айтқанда, камералдық бақылау нәтижесінде – 572 млн теңге, жер қойнауын пайдаланушыларды әкімшілендіру бағытында – 500 млн теңге, кедендік және қосымша құн салығын әкімшілендіру бағытында - 387 млн теңге, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру нәтижесінде - 610 млн теңге салық бюдежетке түсті. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы да айтарлықтай жақсарған. I тоқсанда 500 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның 99%-ы электронды форматта жүзеге асқан» - деп баяндады спикер.
"Кедендік бақылау аясында заңбұзушылықтарға қарсы күрес күшейтіліп, 3 есірткі тасымалдау дерегі анықталды. Сонымен қатар, мұнай өнімдерін заңсыз әкету бойынша 29 жағдай тіркелді. Нәтижесінде 1,58 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 9,6 тонна жанармай тәркіленді. Бұдан бөлек, 12 200 АҚШ долларын заңсыз әкету дерегі анықталды. Облыста кеден инфрақұрылымын жаңғырту бағытында бірқатар ірі жобалар іске асырылды. «Атамекен», «Бауыржан Қонысбаев» бекеттері жаңартылып, «Қапланбек» кеден бекеті қайта іске қосылды. «Жібек жолы» бекетін биыл тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған» - деді басқарма басшысы.