
– Жылыжай – тек табыс көзі емес, үлкен жауапкершілік. Көмірден шығатын зиянды қалдықтар қоршаған ортаға да, халық денсаулығына да әсер етеді. Сол себепті кәсіпкерлер бұл мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілуде. Субсидия, жеңілдетілген несие, энергия шығындарын өтеу мүмкіндігі бар. Бірақ ең бастысы, әрбір кәсіпкердің өз жауапкершілігін сезінуі қажет. Экология мәселесі баршамызға ортақ мәселе. Сондықтан әрбір шаруашылық заманауи технологияларды енгізіп, қоршаған ортаға жанашырлық танытуы тиіс. Түтін сүзгілерін орнату және газға кезең-кезеңімен көшу маңызды мәселе. Біз тек табыс үшін емес, келер ұрпақ үшін де жауаптымыз, – деді Нұралхан Көшеров.