ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘДЕНИ-ЗИЯТКЕРЛІК ЖОБАЛАР ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘДЕНИ-ЗИЯТКЕРЛІК ЖОБАЛАР ЖАНДАНАДЫ
🔰Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан КВН одағының президенті Есентүгел Елеукенмен кездесті.
🔰Кездесуде облыста жайдарман ойындарын дамыту, жастар саясатын ілгерілету және шығармашыл жастарға қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Тараптар КВН қозғалысының жастар тәрбиесіндегі маңызын атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
🔰Сонымен қатар алдағы уақытта облыс көлемінде ұйымдастырылатын мәдени-танымдық іс-шаралар мен республикалық деңгейдегі ойындарды өткізу мәселелері сөз болды.
🔰Кездесу соңында өзара ынтымақтастықты нығайту және нақты жобаларды жүзеге асыру бағытында келісімдерге қол жеткізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі