
Қабылдауға келген азаматтар шығармашылық кеш өткізу, тұрғын үй алу, «Қазыбек би оқулары» байқауларын жоғары деңгейде ұйымдастыру, мәдени іс-шаралар өткізуге қаржылай қолдау көрсету, сондай-ақ көкпар ойынына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар арасында өткізілетін спорттық жарыстарға қатысуға қолдау білдіру және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы орталық ашу бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.