
Өңірде жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілері бойынша бақылау күшейтілуде. Аудан, қала әкімдіктері 28 жер қойнауын пайдаланушының жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулы қабылдады. Сонымен қатар құжаттарын рәсімдемей жұмыс жүргізген 95 пайдаланушыға акт толтырылып, уәкілетті органға жолданды. 13 хабарлама жіберіліп, 6 тексеру жүргізілген, 1 тұлғаға 1,2 млн теңге айыппұл салынған. Өткен жылы 226 рейд жүргізіліп, 342 жүк көлігі мен 47 арнайы техника айыптұраққа қойылды. 74 әкімшілік іс бойынша 16,8 млн теңге залал есептелді. Биыл 40 рейд өткізіліп, 60 техника тоқтатылып, 5,1 млн теңге залал анықталды. Өңірде заңсыз қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан 22 «қызыл нүкте» анықталды. Оның 15-і жеке меншік, 7-і жайылым жер. Аталған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар басталды. Сондай-ақ заңсыз әрекеттерден келген 558,4 млн теңге залал есептеліп, материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Аудан, қала әкімдіктері тарапынан 28 жер қойнауын пайдаланушылардың жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстыру туралы қаулы қабылданған.