ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
🔰Түркістан облысында бизнес пен инвестицияны дамыту мақсатында «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Арнайы экономикалық аймақ және Индустриялық аймақ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл құжат тараптардың бірлесіп кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, инвестициялық жобаларды іске асыру және бизнес көлемін арттыру бағытындағы қызметін айқындайды.
🔰Меморандум аясында Түркістан облысына келген кәсіпкерлер мен инвесторларға орталық толық кеңес беріп, бизнес жоспарларын жасап, жобаларды толық сүйемелдейді. Қажетті құжаттар жинау, дайындау сияқты кәсіпкерлердің барлық рәсімдері «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар жер учаскелері АЭА және ИА арқылы бөлініп, кәсіпкерлердің жобаларын жылдам іске асыруға мүмкіндік беріледі.
🔰Бұл ынтымақтастық өңірдегі кәсіпкерлік ортаны дамытуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға елеулі үлес қосады деп күтілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі