
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, жасыл желекті көбейту және өскелең ұрпаққа табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру. Шараға ата-аналар белсенді қатысып, өздері әкелген ағаш көшеттерін балаларының қолымен отырғызды. Бұл игі іс отбасы құндылықтарын нығайтып қана қоймай, балаларға экологиялық тәрбие берудің жарқын үлгісіне айналды. Мектеп мұғалімдері де бастаманы қолдап, көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты.