ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан облысында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға Сауран ауданының тұрғындары да белсене атсалысуда. Экологиялық тазалықты сақтау мен қоғамдық орындарды абаттандыруға бағытталған шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері және еріктілер қатысты.
Сенбілік жұмыстарына жалпы 1000-ға жуық адам жұмылдырылып, 13 арнайы техника тартылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 20 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс шығарылды.
Тазалық шарасы барысында адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар тазартылып, аяқжолдарды әкетеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аллеялар мен саябақтардағы шөптер қырқылып, аумақтардың санитарлық жағдайы ретке келтірілді.
Аталған сенбілік қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және аудан аумағын көркейту мақсатында ұйымдастырылды. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі