ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕРДЕ ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕРДЕ ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
🔰Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдің өндірістік әлеуетін көтеру мақсатында облыстың барлық аудан және қалаларында 214 гектар аумақта 25 шағын өндірістік алаң құрылып, жаңа жобаларды іске қосу жұмыстары атқарылуда.
🔰Шағын өндірістік парктерді іске асыру барысы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбекпен өткен жиында талқыланды. Жиын барысында жобаны іске асыру кезеңдері және инфрақұрылымдық қолдау мәселелері жеке-жеке қаралды. Аудан, қала әкімдері мен орынбасарлары атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
🔰Қанат Қайыпбек жауапты басшыларға бақылауды күшейтуді және жобалардың мерзімінде іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, шешуді міндеттеді.
🔰Бүгінгі таңда 80-ге жуық өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Нәтижесінде 136,3 млрд теңгеге 32 жоба іске қосылды. Өндірістік ғимараттарда құрылыс материалдарын шығару, жиһаз өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, химия саласы, сондай-ақ дрондар, бейнекамералар және тұрмыстық техника өндірісі іске қосылмақ.
🔰Жалпы бұл жобалардың инвестициялық құны 192 млрд теңгеге жетпек. Нәтижесінде 5 300-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылып, болжаммен жылына 96 млрд теңге импротты алмастыру өнімдері өндіріледі.
🔰Шағын өндірістік парктерді дамыту өңір экономикасын күшейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі