ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІН ЖЕТКІЗУ БОЙЫНША ФОРВАРДТЫҚ КЕЛІСІМШАРТТАР ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІН ЖЕТКІЗУ БОЙЫНША ФОРВАРДТЫҚ КЕЛІСІМШАРТТАР ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Сауле Конысханқызының арнайы қатысуымен Түркістан облысында ерте пісетін көкөніс өнімдерін жеткізу бойынша форвардтық келісімшарттар жасау жөнінде семинар-кеңес өтті.
Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның аппарат басшысы Бердібай Күзембаев, сондай-ақ тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева, республиканың барлық өңірлерінен келген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы үшін Қазақстандағы ең қолайлы өңір болып саналады. Облыста 90,0 мыңға жуық шаруашылықтар бар, яғни республиканың 31 пайыз үлесі біздің өңірге тиесілі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, отандық өнім көлемін арттыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар тұрақты жасалуда. Атап айтсақ, ерте пісетін көкөніс дақылдар 15 мың гектарға егу жоспарланып, бүгінгі күнге 12,2 мың гектарға егілді. Оның ішінде картоп 4,2 мың га, қырыққабат 6,4 мың га, сәбіз 1,2 мың га, пияз 1,0 мың га егілді. Жалпы ерте мезгілдік 193 мың тонна қырыққабат, 36 мың тонна сәбіз, 35 мың тонна пияз, 153 мың тонна картоп жиналады.
Бүгінгі семинар-кеңесте өңіраралық байланыстарды нығайта отырып, әлеуметтік маңызы бар тауарларды халыққа делдалсыз жеткізудің тікелей тетіктерін енгізу жолдарын қарастырылды. Кәсіпорны иелері мен жауапты мекемелер арасында «сұрақ-жауап» өрбіді. Кездесу соңында ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері мен өңірлер ӘКК, сауда өкілдіктері арасында екі жақты келіссөз жүргізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі