Спортшыларды қолдау шаралары да күшейтілуде. Қазіргі таңда 231 спортшыға ай сайын стипендия тағайындалып, олардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне барлық жағдай жасалған.
Айта кетейік, жыл соңына дейін Төлеби ауданындағы Момынай ауылында тағы бір спорт кешенін ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Бұл жобалар ауыл тұрғындарының спортпен жүйелі айналысуына жол ашып, өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға серпін береді.