АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
🔰Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысының тұрғындарымен, оның ішінде өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізді.
🔰Кездесу барысында Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысының ел экономикасындағы маңызды рөлін атап өтіп, аграрлық сектор өкілдерімен ашық әрі сындарлы диалог орнатудың маңыздылығына тоқталды.
🔰Өз сөзінде вице-министр көктемгі дала жұмыстарына және егіс науқанына уақтылы дайындалу, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану, мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау, сондай-ақ агротехникалық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
🔰Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және жер заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты қаралды.
🔰Кездесу аясында шаруа қожалықтарының иелері мен жеке кәсіпкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. «Сұрақ-жауап» сессиясы барысында аграршылар субсидиялау, кредит қаражатын алу, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелері секілді бірқатар өзекті тақырыптарды көтерді.
🔰Көтерілген әрбір мәселе бойынша Ермек Кенжеханұлы жан-жақты түсініктеме беріп, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау алдағы уақытта да жан-жақты жалғасатынын атап өтті.