
Дәстүрлі халықаралық дода 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында өтеді. Жарыс барысында ерлер 10 салмақ дәрежесінде, ал қыздар 5 салмақ бойынша сынға түсіп, үздіктер анықталады. Биылғы турнирге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Әзербайжан елдерінен және Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 252 спортшы қатысуда. Оның ішінде 209 ер мен 43 қыз чемпиондық атақ үшін шаршы алаңда бақ сынайды.