ТҮРКІСТАНДА ТЕННИСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ITF J30 ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ТЕННИСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ITF J30 ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
📍Түркістан қаласындағы Теннис орталығында 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған «ITF J30 Turkistan» халықаралық турнирі өз жалауын көтерді. Дүбірлі дода 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында өтеді.
▪️Халықаралық деңгейдегі бәсекеге Қытай, Чехия, Испания, Гонконг, Сингапур, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан елдерінен жас теннисшілер қатысып, өзара мықтыны анықтауда.
▪️Салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
▪️Жарысқа жалпы саны 64 спортшы (32 ұл, 32 қыз) қатысуда. Турнир жаңа форматта өтеді: алдымен теннисшілер топтық кезеңде өнер көрсетіп, үздік шыққан 8 спортшы плей-офф кезеңінде бас жүлдені сарапқа салады.
▪️Айта кетейік, бұл турнирдің нәтижелері қатысушылардың халықаралық рейтингтеріне әсер етеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі